Өңірде жыл басынан бері экологиялық талаптарды бұзған 6 604 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оның 642-сі прокуратура органдарының үйлестіру жұмысының нәтижесінде жауапқа тартылған. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі елдімекендерді абаттандыру талаптарын сақтамауға қатысты. Сонымен қатар ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптарды бұзу, ағаштар мен жасыл желектерді заңсыз кесу фактілері анықталған.
Қала және аудан прокурорлары 94 заңсыз қоқыс үйіндісін анықтап, оның 73-ін жойды. Осыған байланысты 9 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 15 лауазымды тұлға тәртіптік, 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде елді мекендер аумағынан 6,3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Пікірлер