A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 09:20 0

Өскеменде бөтен көлікті металлоломға өткізген ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында полицейлер 25 жастағы тұрғынның бірқатар қылмысқа қатысы барын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның ішінде екі көлікті заңсыз иелену және көлік құралын есірткілік масаң күйде басқару фактілері бар.
– Алғашқы жағдайда ер адам тұрғын үй ауласында ұзақ уақыт бойы тұрған Mazda Cronos көлігін байқаған. Ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор шақырып, көлікті алып кетіп, металлоломға өткізген. Ол үшін құқық бұзушы 35 мың теңге алды. Көлік иесіне шамамен 1 млн теңге көлемінде шығын келтірілді. Бір аптадан кейін күдікті LADA 21703 көлігін айдап кеткен. Сонымен қатар оның бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны анықталды. Полиция тоқтатқан кезде жүргізілген медициналық куәландыру оның ағзасында каннабиноидтар барын көрсетіп, есірткілік масаң күйде болғанын растады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 
Қазір қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив