A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 18:23 0

Риддерде Журавлиха өзенінің жағалауын 100-ден астам адам тазалады

Бүгін / Риддер

Риддер қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары Журавлиха өзенінің жағалауын тазалауға шықты. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, үш арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сенбілік барысында аумақтан төрт тоннадан астам қоқыс шығарылып, тазартылды.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қанат Оралбек мұндай іс-шаралар қаланың тазалығын сақтауға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

– «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындардың осындай іс-шараларға белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әр адамның қаламыздың тазалығы өзімізге байланысты екенін түсінуі маңызды, – деді ол.

Акцияға қатысушылар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және демалыс орындарында қоқыс қалдырмауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив