ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, 9 айдың ішінде өңірдегі қылмыс деңгейі 13,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал көшелердегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында патрульдік экипаждардың тығыздығы үштен беске дейін арттырылды. Жедел жағдайға қарай патрульдеу бағыттарын өзгертуге мүмкіндік беретін «икемді патрульдеу» жүйесі енгізілді.
Апат қаупі жоғары қала сыртындағы тасжол учаскелеріне 26 жарықдиодты стробоскоп орнатылып, екі жаңа модульдік бекет жабдықталды.
Жыл басынан бері өңір полицейлері заңсыз айналымнан 600 келіден астам есірткі затын, оның ішінде шамамен 111 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі.
Облыс полициясы тұрмыстық салада және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. Өңірде баспанасы бар екі дағдарыс орталығы, екі «Жанұя» орталығы және «Феникс» бейімдеу орталығы жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында полицейлер 481 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтап, оның 450-і жойылды.
Пікірлер