A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 09:35 0

Үлкен Нарын ауданында балалардың сапалы білім алуға деген құқықтарының өрескел бұзылғаны анықталды

Бүгін / Үлкен Нарын

Ауданда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға заңда белгіленген аптасына 19 сағаттың орнына небәрі 8 сағат үйден оқыту сабағы өткізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру барысында жеке оқу жоспарларына міндетті пәндердің енгізілмегені, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары орындалмағаны анықталды. 

Сонымен қатар сабақ өткізуге тиісті арнайы даярлығы жоқ педагогтер тартылған.

Бұдан бөлек, іс жүзінде өткізілмеген сабақтар үшін мұғалімдерге заңсыз ақы төлеу фактілері де анықталды.

- Тексеру барысында балалардың сапалы білім алуға деген құқықтарының өрескел бұзылғаны анықталды. Прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, балалардың құқықтары қалпына келтірілді, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан.

Прокуратураның араласуынан кейін 4 мектептің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 8 педагог негізсіз алған қаражатын бюджетке қайтарды.

Қадағалау органының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив