Францияның Лион қаласында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған саммит өтіп жатыр. Еуропа еліне жол тартқан шығысқазақстандық делегация сол жақтың тәжірибесімен танысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, ауқымды басқосуға әлемнің 104 елінің өкілдері қатысып жатыр. Саммит аясында мал шаруашылығын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және саладағы халықаралық тәжірибені пайдалану мәселелері талқыланды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолданың айтуынша, өңір делегациясы саммит аясында мал шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы .
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мал шаруашылығы саласын болашақта дамытуға қатысты тапсырмалар берді. Осы бағытта саммитке қатысып, «Игілік»,«Береке» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік алдық, – деді Самат Қыдырмолда.
Оның айтуынша, өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыс делегациясына мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу және халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша нақты тапсырмалар берген.
– Бүгінгі конференцияда Шығыс Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырдық. Батыс Еуропа елдерінде мал шаруашылығын дамыту мен өндірістік технологияларды қолдану деңгейі керемет. Біз осы тәжірибені зерделеп, Шығыс Қазақстанда жоғары көрсеткіштерге жетуге тырысамыз. Осы малды елге жеткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылады, – деді ол.
Саммит барысында қатысушылар мал шаруашылығы саласындағы озық технологиялар мен халықаралық тәжірибелерді ортаға салды. Айта кетейік, іс-шараға Шығыс Қазақстаннан бөлек, Ақмола облысының делегациялары да қатысып жатыр.
Дереккөз: samatkydyrmolda1
Коллаж: ЖИ
Пікірлер