8 қазанда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр аралас қар, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, жолдағы қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға кеңес берілді. Сондай-ақ оқыс маневрлерден бас тарту қажет.
Пікірлер