A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде патрульдік полицияның жұмысы күшейтілді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция экипаждарының саны артты. Бұған дейін қалада үш экипаж қызмет атқарса, қазір олардың саны беске жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қалада «икемді патрульдеу» жүйесі енгізілді. Жаңа тәсілге сәйкес патрульдік экипаждардың қозғалыс бағыттары қаладағы жедел жағдайға қарай өзгертіліп отырады.
Сонымен қатар қала сыртындағы жолдардың апат қаупі жоғары учаскелеріне 26 арнайы құрылғы орнатылып, екі жаңа модульдік полиция бекеті жабдықталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив