Қазақстанға келген турист ең алдымен нені байқайды? Тарихи орындар мен табиғи көрікті жерлерді ме әлде көрсетілетін қызметтің сапасын ба? Туризм – тек көрікті жерлер мен әсем локациялардан тұрмайды. Әр сапардың артында қонақты қарсы алып, демалысын ұйымдастыратын және ел туралы әсерін қалыптастыратын кәсіби мамандар бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде Қазақстанның туристік саласы қарқынды дамып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елге шамамен 7 миллион турист келді. Туристік ағынның өсуімен бірге білікті кадрларға деген сұраныс та артып отыр.
Салаға қажетті мамандарды даярлау ісіне Туризм және спорт министрлігі ерекше мән беретінін атап өтті. Осы бағыттағы негізгі білім беру орталықтарының бірі – Халықаралық туризм және меймандостық университеті. Бұл – Қазақстандағы туризм саласына маманданған алғашқы жоғары оқу орны.
Қазіргі таңда университетте 3 мыңнан астам студент білім алады. Оқу 14 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 8 бакалавриат және 4 магистратура бағдарламасы бар. Олардың қатарында Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген студенттер де бар.
Студенттер туризм, қонақүй және мейрамхана ісі, экскурсиялық қызмет, спорттық туризм, іс-шаралар менеджменті және басқа да бағыттар бойынша білім алады.
Пікірлер