A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:50 0

ШҚО-да бір аптада 1000-нан астам құқық бұзушылық анықталды

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі тәртіп сақшылары жол қағидаларының сақталуын күнделікті бақылауда ұстап, жол ережесін бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде, 1 аптада 1102 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

- Олардың қатарында маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы бағытқа шығу, апаттық жағдай туғызу, көлікті мас күйде басқару, автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтау және басқа да құқық бұзушылықтар бар, - деді облыстық Полиция департаментінің патрульді полиция батальонын командирінің орынбасары Ерасыл Сақарбеков.

Сондай-ақ, дрифт жасау, LED шамдарын орнату, көлік шығару жүйесіне өзгерістер енгізу, шу деңгейінің жоғарылауына әкеп соғатын жағдайлар тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив