Жарысты «Run Oskemen» қауымдастығы облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығымен және «Әділет» партиясымен бірге ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара туралы онкология орталығы Instagram парақшасында мәлімдеді. Марафон 18 қазанда 7:00-де Самал саябағында өтеді.
Қашықтық – 3-5 шақырым. Мәре сызығына жеткен алғашқы 50 қатысушыға білезіктер беріледі. Ал ең ерекше әрі қызықты киім кигендерге ұйымдастырушылар арнайы сыйлықтар береді.
Пікірлер