A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:45 0

ШҚО-да тауарға 5% ғана сауда үстемесін қосып сататын 24 дүкен бар

Бүгін / ШҚО

Мамандар бағаны қолдан қымбаттатпау жағдайларын бақылауда ұстап отырғандарын айтты. Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін кестеге сәйкес әр аптада жәрмеңкелер ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол мақсатта Сауда министрлігі бастамасымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін «Дала дәмі» бірыңғай атауымен және бірыңғай тұжырымдама аясында өткізу ұсынылды.

– Жобаның негізгі міндеттері – отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдап, өндірушілердің тұтынушыларға тікелей қолжетімділігін қамтамасыз ету. Одан бөлек, маусымдық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жағдай жасау және халық үшін өнімдердің қолжетімділігін арттыру. Қазір осы тұжырымдама аясында жәрмеңкелер өткізіліп жатыр, – деді облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Асхат Сағидолдин. 

Белгілі болғандай, бағаны тұрақтандырудың тағы бір тетігі «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «айналым схемасы» арқылы қарыз беру механизмі.

– Коорпорация ақпаратына сәйкес арнайы комиссияда бекітілген тауарларға тек 5%-дық сауда үстемесі қосылып, арнайы павильондар мен дүкендерде сатылуда. Осы бойынша 41 сауда нысаны қамтылған. Оның ішінде 17 коорпорацияның павильон (Риддер қаласында – 4) және меморандум аясында жұмыс істейтін 24 дүкен бар. Бүгінде тұрақтандыру қоры өнімдері халыққа нарықтағы бағадан айтарлықтай арзан бағамен ұсынылып отыр, – деді Асхат Бейсенұлы. 

Арзан бағада халыққа ұсынылған өнімдер:
күнбағыс майы – 756 теңге,
күріш – 584 теңге,
рожки – 431 теңге,
қант – 418 теңге,
қарақұмық – 389 теңге,
тұз – 97 теңге.

Асхат Сағидолдиннің сөзінше, бұдан бөлек, осы жылдың күзі мен 2027 жылдың көктеміне арналған көкөніс қоры дайындалды.

- Шаруа қожалықтарымен жалпы сомасы 1,178 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған. Осы орайда қорға 3650 тонна картоп, 840 тонна сәбіз, 880 тонна қырыққабат және 590 тонна пияз сатып алынды, – деді департамент басшысы.  

Айта кету керек, бұл өнімдер сатылымға 1 қарашадан бастап шығарылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив