A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 16:40 0

Өскеменде айыппұлы төленбеген көлік тұраққа қойылды

Бүгін / ШҚО

«Нелегал-2026» жедел алдын алу шарасы барысында Өскемен қаласы ПБ ППБ қызметкерлері Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, көрші елдің 46 жастағы азаматы басқарған Chevrolet Cobalt маркалы көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында ер адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар екені анықталды. Сонымен қатар ол тізгіндеген көлікке қатысты 59 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдың төленбегені белгілі болды.

Қарыздың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асады. Құқық бұзушылықтар осы жылдың 25 мамыры мен 1 қазаны аралығында тіркелген.

Қазір көлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция көлік иелерін әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге және берешектің жиналуына жол бермеуге шақырады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив