A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде 60 тарта төленбеген айыппұлы бар көлік айыптұраққа қойылды

Бүгін / Өскемен

Облыс аумағында өткен «Нелегал-2026» жедел-профилактикалық шарасы кезінде бірқатар бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мәлім болғандай, айыппұлдар төлемей жүрген көлік айып тұрағына қойылған. Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, көлік тізгінінде көрші мемлекеттің 46 жастағы азаматы болды. Тексеру барысында оның Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар екені анықталды.
Сонымен қатар көлікке қатысты 59 төленбеген айыппұл тіркелген. Жалпы берешек сомасы 1,5 миллион теңгеден асады.
– Құқық бұзушылықтар биылғы 25 мамыр мен 1 қазан аралығында тіркелді, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив