A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 11:30 0

Балалар алаңында дәрет сындырған ер адам жазаланды – Өскемен

Бүгін / Өскемен

Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. Полицейлер құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларға заңда көзделген шараларды қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алғашқы жағдай 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. 67 жастағы жергілікті тұрғын масаң күйде балалар алаңында кіші дәрет сындырған.

Сот оны әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Екі эпизодты ескере отырып, оған жалпы сомасы 90 625 теңге айыппұл салынды.

Екінші факті Аязбаев көшесінде тіркелді. Полицейлер қоғамдық орында осындай әрекетке жол берген 37 жастағы ер адамды анықтады. Материал тиісті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жолданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив