452.91 509.43 5.53
A+ A A-

ШҚО-да үш ауданда алтын қазғандар жер бедерін өзгертіп жіберген

ШҚО-да үш ауданда алтын қазғандар жер бедерін өзгертіп жіберген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыста алтын өндірумен айналысатын кәсіпорындар жұмысы тексеріліп, экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Экология департаменті өкілдері жуықта Марқакөл, Үлкен Нарын және Күршім аудандарындағы алтын өндірумен айналысатын 17 субъекті қызметіне тексеру жүргізген. Соған сәйкес жер бедерінің өзгертілуі, топырақ жамылғысының бұзылуы, жуылған тау жыныстарының үйінділерге айналыуы сияқты фактілер тіркелді. Сонымен қатар алтын өндіру орындарында су жинайтын бөгеттер мен тұндырғыштар салынып, тау жыныстарын жууға арналған жабдықтар орнатылғаны анықталды. Бұдан бөлек, кей кәсіпкердің қажетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды. 
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 324, 327-1, 328, 337, 344 және 358-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалып, кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив