Қазақстанда 3 922 блокта пайдалы қазба барлауға лицензия беріледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 189-1-бабына сәйкес 2026 жылғы 6 қарашадан бастап жаңадан босаған 3 922 блок бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар алуға өтініштер қабылдау басталады. Өтініштер Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы https://minerals.e-qazyna.kz/ арқылы қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде беріледі, — делінген министрлік хабарламасында.
Пікірлер