447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Өскемендегі саяжайда өрт шығып, бір адам көз жұмды

Өскемендегі саяжайда өрт шығып, бір адам көз жұмды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс орталығында саяжай үйінен өрт шығып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оқиға «Старая Согра» ауданындағы «Прогресс» саяжай қоғамының аумағында болған.

Жазғы уақытта тұруға арналған үйден өрт шыққаны туралы хабарлама кезекші бөлімге түскен. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Олар 64 шаршы метр аумақтағы ашық жалынды сөндірді.

Өрттен кейінгі үйінділерді аршу кезінде құтқарушылар үй иесінің денесін тапты. Марқұмның 1976 жылы туғаны анықталды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір өрттің шығу себебі мен үй иесінің қаза болу мән-жайы анықталып жатыр.

- Тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, электр құралдары мен пеш жабдықтарын пайдаланған кезде мұқият болуға шақырамыз. Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет, - деп ескертті ведомство.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив