Катонқарағай ауылының 31 жастағы тұрғыны сауда үйінің алдында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осындай жағдай Жанпейісов көшесінде де тіркелді. Онда 47 жастағы ер адам аудан әкімдігі ғимаратының алдында темекі шегіп, тұқылын жерге тастап кетті.
- Аталған деректер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-2-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мұндай құқық бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту көзделген. Ал бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 20 АЕК айыппұл немесе 80 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Пікірлер