«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10-12 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZIFORM сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанады.
- Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, - делінген хабарламада.
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз елдің шығысында −3…+5°С аралығында болады.
Пікірлер