447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Өскеменде күйік шалған екі сәбиге көмек көрсетілді

Өскеменде күйік шалған екі сәбиге көмек көрсетілді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ақжар ауылынан келген балалар қайнаған суға күйіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кейін олар Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізілді. Орталықтың мәліметінше, балалардың жағдайы өте ауыр болды. Біріншісінің денесі 40%-ға, ал екіншісінің денесі 38%-ға зақымданды. Оларға дереу медициналық көмек көрсетіліп, мамандардың бақылауында болды.
- Бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінің дәрігерлері науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күресті. Медициналық топ науқастардың жағдайын тұрақтандыру және ауыр жарақат салдарымен күресу үшін барын салды. Мамандардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында олардың жағдайы тұрақталды. Кейін хирургия және урология бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауымен емделуді жалғастырды, - делінген ресми ақпаратта.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив