«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 10 қараша түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болса, өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Өскеменде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-18 м/с болады деп күтілуде.
- Егер көлігіңіз қысқа жарамсыз болса, елдімекендерден тыс жерде жүрмеңіз. Шығар алдында жүргізушілерге сүйреу арқанын, қосымша жанармай, күрек, жарықшам, алғашқы медициналық көмек жинағын, жылы киім, тамақ және шамдарды алып жүруді ұсынылады, - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Пікірлер