Қайғылы жағдай 8 қараша күні кешкі сағат 18:50 шамасында «Опытное поле – Өскемен» тасжолында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry 35 көлігінің жүргізушісі Өскеменге келе жатып, жолдың белгіленбеген тұсын кесіп өтпек болған 35 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Алған ауыр жарақаттары салдарынан ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Облыстық Полиция департаменті өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді.
Пікірлер