Алдын алу шаралары кезінде полиция 34 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Toyota Caldina көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, тергеу барысында қызметкерлер жүргізушінің ерекше қылықтарына назар аударған.
– Медициналық тексеру кезінде ер адамның есірткі әсерімен жүргені анықталды. Сондай-ақ көлік салонын тексеру кезінде ер адамның сөмкесінен қоңыр-жасыл зат салынған пакет табылды. Сараптамада оның марихуана екенін анықталды, – делінген полиция берген мәліметте.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік мамандандырылған тұраққа жеткізілді.
Пікірлер