«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2026 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 28 ақылы жолдың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Көш басында Алматы – Қонаев тасжолы тұр. Бұл бағытта көліктердің 10,8 млн-нан астам рет өткені тіркелген.
Биылғы 10 айда Қазақстанның ақылы жолдарымен көліктер 68,3 млн рет жүріп өткен. Соның жартысына жуығы, яғни 33,5 млн өту немесе 49,1 пайызы, ең көп пайдаланылған бес бағытқа тиесілі.
Рейтингте Алматы – Қонаев тасжолы бірінші орында тұр. Бұл жолмен көліктер 10 834 980 рет жүрген. Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты – 8 033 519 рет. Үздік үштікті Шымкент – Тараз тасжолы түйіндейді. Мұнда 5 652 809 рет көлік өткені тіркелген.
Ең көп пайдаланылған бес ақылы жолдың қатарына Тараз – Қайнар (4 964 599) және Шымкент – Қызылорда (4 061 676) бағыттары да енді.
Бұл көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі көлік қозғалысының қарқынды екенін көрсетеді. Аталған жолдар ірі қалаларды, маңызды көлік тораптарын және халықаралық дәліздерді байланыстырады.
Орталық және солтүстік өңірлердегі ақылы жолдарда да қозғалыс қарқынды. Атап айтқанда, Астана – Теміртау тасжолында 3,7 млн-ға жуық, Астана – Щучинск бағытында 3,4 млн, ал Қонаев – Талдықорған жолында 3,2 млн рет көлік өткені тіркелген.
Ең көп пайдаланылған алғашқы он ақылы жолға 48,8 млн өту тиесілі. Бұл – 2026 жылдың алғашқы 10 айындағы жалпы көрсеткіштің 71,5 пайызы.
2026 жылдың 10 айындағы ақылы жолдардың рейтингі:
1. Алматы – Қонаев – 10 834 980
2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 8 033 519
3. Шымкент – Тараз – 5 652 809
4. Тараз – Қайнар – 4 964 599
5. Шымкент – Қызылорда – 4 061 676
6. Астана – Теміртау – 3 698 981
7. Астана – Щучинск – 3 407 291
8. Қонаев – Талдықорған – 3 193 009
9. Тараз айналма жолы (Қайнар – Шымкент) – 2 526 954
10. Щучинск – Көкшетау – 2 446 971
11. Қостанай – Денисовка – 2 307 727
12. Алматы – Қорғас – 2 262 135
13. Астана – Павлодар – 2 177 036
14. Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал – 1 749 169
15. Қызылорда – Арал – 1 518 380
16. Көкшетау – Петропавл – 1 517 210
17. Павлодар – Семей – Қалбатау – 1 135 232
18. Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орынбор) – 1 133 840
19. Шу – Бурылбайтал – 945 933
20. Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк) – 789 421
21. Қандыағаш – Мақат – 784 775
22. Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы) – 751 516
23. Орал – Ресей шекарасы (Самара) – 573 394
24. Талдықорған – Өскемен – 500 670
25. Орал – Ресей шекарасы (Саратов) – 487 254
26. Үшарал – Достық – 472 465
27. Бұрылбайтал – Құрты – 264 253
28. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) – 130 616
Пікірлер