Көмір көлемі Маралды ауылдық округі әкімі аппаратының өтініші бойынша анықталып, толық жеткізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған компания биылғы маусымда Маралды ауылдық округі тұрғындарына 354 тонна көмір жеткізген көрінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Ең көбі Маралды ауылына жеткізілген. Нақты айтсақ:
1) Маралды ауылы – 200 тонна
2) Үшбұлақ ауылы – 90 тонна
3) Қыстау-Күршім ауылы – 64 тонна
Көмір көлемі Маралды ауылдық округі әкімі аппаратының өтініші бойынша анықталып, толық жеткізілген. Әр үйге жылу жетуі үшін көмірді тұрғындардың өздері бөліп береді.
– Бұл көмек ынтымақтастық туралы меморандумда көзделген міндеттемелерден тыс көрсетіліп отыр – оған сәйкес компания Күршім ауданының дамуына бес жыл ішінде 2,5 млрд теңге, яғни жыл сайын 500 млн теңге инвестиция салады, – делінген ақпаратта.
Фотосурет: шартты
Пікірлер