447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Өскеменде зираттан мәрмәр ескерткіш жоғалды

Өскеменде зираттан мәрмәр ескерткіш жоғалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Оны қала тұрғыны 5 қараша күні анасының қабіріне барғанда байқаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, ер адам қабірді тазалау үшін «Старое Примыкание» зиратына келген.

– Зират маңын біраз ретке келтірейін деп ойлағанмын. Содан ескерткіштің жоқ екенін байқадым. Кейін полицияға хабарластым. Ескерткіш құны – 270 000 теңге болды, – деді марқұмның туысы Сергей.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ер адамның айтуынша, ол оқиға туралы ақпаратты интернетке жариялаған. Кейін қаланың басқа тұрғындары да оның жазбасына жауап беріп, туыстарының зиратында осындай оқиғалар болғанын айтқан.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив