447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Өскемендегі жаңа жол айырықта көлік қозғалысына шектеу қойылды

Өскемендегі жаңа жол айырықта көлік қозғалысына шектеу қойылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өткелдің екінші деңгейіндегі деформациялық жіктерді орнату жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, мердігер ұйым жолайрықтың екінші деңгейіндегі құрылымдардың түйіскен тұстарында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алдағы 14 күн ішінде Ертіс көпірі жағынан Жібек маталар комбинаты ауданына бағытына қарай көлік қозғалысы шектеледі. Бұл учаскедегі жұмыстар аяқталғаннан кейін шектеулер қарама-қарсы бағытта енгізіледі. Ондағы жұмыстар да 14 күнге дейін созылады.
Сонымен қатар қозғалысты ұйымдастыру аясында «Халифа Алтай» мешіті аялдамалары екі бағытта да басқа орынға көшіріледі. Бұдан бөлек, мердігер ұйым тротуарлар мен аялдамаға апаратын жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандырады.
Әкімдік өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанға дейін жол айырықтағы қозғалыс сызбасы өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив