Шығыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері жіті респираторлық вирустық инфекцияға 17 863 адам шалдыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күздің басынан бері тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті.
- Биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері Шығыс Қазақстанда жіті ЖРВИ-дің 17 863 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 40 пайызға аз. Науқастардың басым бөлігі Өскемен қаласында анықталған (8 785 адам), - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Риддер қаласында инфекцияның – 1 842, Глубокое ауданында – 1 827, Ұлан ауданында – 1 655, Алтай ауданында – 1 021 және Шемонаиха ауданында 836 жағдайы тіркелген.
- Ал тұмау жұқтыру деректері әзірге анықталған жоқ. Қараша мен ақпан айлары аралығында аурушаңдық деңгейі артуы мүмкін. Алайда эпидемиологиялық өсімнің нақты шарықтау шегі вирустардың таралу қарқынына байланысты болады, - деп хабарлады департамент өкілдері.
Пікірлер