448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Қазақстанның 10 облысында қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанның 10 облысында қар жауып, көктайғақ болады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанның 10 облысында түнгі және таңертеңгі уақытта қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады. Кейбір аудандарда көктайғақ күтіледі.
Осыған байланысты жол қызметі жүргізушілерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды.

– Жүргізушілерден жолда аса мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауды сұраймыз. Дөңгелектердің жай-күйіне ерекше көңіл бөлген жөн. Егер көлікте әлі жазғы шина тұрған болса, көктайғақта басқару қиындап, жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі едәуір артады, – делінген ескертуде.

Ұлттық компания жол қызметтерінің тәулік бойы жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Жүргізушілер республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы өзекті ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып біле алады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив