443.62 492.24 5.36
A+ A A-

Ертең OSKEMEN LIFE 4.0 өтеді

Ертең OSKEMEN LIFE 4.0 өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен және TAZH Group демеушілігімен 14 қараша күні қала тұрғындары үшін Чехов және Горький көшелерінің қиылысында Oskemen Life 4.0 фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл күні өскемендіктерді түрлі буын өкілдеріне арналған үш музыкалық алаң күтеді. Сондай-ақ Street Dance Battle, көше әндері, караоке Battle, интерактивті аймақтар мен қызықты белсенділіктер, қолөнершілер жәрмеңкесі, «Өскемен өнімі» жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Келушілерге арналған ерекше креативті аймақтар, тың жаңалықтар мен көптеген жағымды тосынсый дайындалуда. Ыстық глинтвейн, хош иісті шай, кофе және дәмді тәттілер күзгі күнді одан әрі жайлы әрі жылы етеді.

Фестиваль саған 12:00-ден кешке дейін жалғасады. 

- Отбасыңызбен, достарыңызбен және жақындарыңызбен бірге келіңіздер! Күздің осы күнін бірге жарқын әрі көңілді өткізейік! - делінген қала әкімдігінің хабарламасында. 



Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив