444.4 488.97 5.39
A+ A A-

Елімізде қатерлі ісіктің әрбір үшінші жағдайы ерте кезеңде анықталады

Елімізде қатерлі ісіктің әрбір үшінші жағдайы ерте кезеңде анықталады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтау үшін жасанды интеллект технологиялары кеңінен қолданыла бастады. Қазір елімізде өкпе және сүт безі қатерлі ісігін анықтауға арналған ЖИ технологиялары енгізілген. Сонымен қатар онкологиялық диагнозы бар науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов Астана тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейінгі уақытта онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 16%-ға артқан.

— Сонымен қатар онкологиялық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейіп келеді. 2025 жылы Астанада протондық терапия орталығы ашылды. Ал Қазақстан өңірлерінде 16 ПЭТ-КТ орталығы жұмыс істейді. Мамандандырылған емнің қолжетімділігі де артып келеді. Сәулелік терапиямен қамту көрсеткіші 57%-дан 65%-ға дейін, ал онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 33%-дан 34,6%-ға дейін өсті, — деді Рамазанов.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив