453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Тасқыннан кейін салынған үйлердің сапасына неше жыл кепілдік беріледі

Тасқыннан кейін салынған үйлердің сапасына неше жыл кепілдік беріледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев көктемдегі тасқын салдарына байланысты бой көтерген 2,5 мыңнан астам үйдің сапасына мердігерлер 2 жыл кепілдік беріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.


-Тасқыннан кейін қайта салынған 2576 үйдің сапасына кім және қанша мерзімге кепілдік береді. 4-5 жылдан кейін бұл үйлер қирап жатса, кім жауап береді?, - деп сұрады журналист Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, сапа кепілдігін сол үйлердің салған мердігерлер береді.

-Салынған 2600 үйдің көбі жеке үй екенін түсіну керек. Ол үйлерге әр мердігер 2 жыл мерзімге кепілдік береді. Осы екі жылдың ішінде бірдеңе болса, мердігер жөндеп беруге міндетті болады, - деді Қанат Шарлапаев.

Фотосурет: ru.sputnik.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив