Риддер, Тарбағатай, Марқакөл және Самар аудандарындағы бірде-бір нысанда мүгедек жандар үшін жағдай жасалмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинованың сөзінше, Глубокое, Катонқарағай және Зайсан аудандарында тек бір ғимаратта тиісті жұмыстар жүргізілген.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін тек қағаз жүзінде емес, кешенді жұмыс істеу керектігін алға тартты. Өкінішке орай, мүгедектерге қолайсыздық тудыратын жаяу жүргіншілер өткелдері де бар.
⁃ Аталған мәселені жол қызметі өкілдерімен бірлесіп пысықтау қажет. Дүкендер мен дәріханалардың сыртында да пандус болуы қажет. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды шипажайға апарып, техникалық құралдармен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оларға күнделікті өмірде де қолайлы жағдай жасау керек. Бұл біздің кішігірім жеңісіміз болмақ, – деді Ермек Көшербаев.
Пікірлер