«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Нұрбек Темірхановтың мәліметінше, «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» (1013-1073 км) және «Қалбатау-Майқапшағай» (1090-1321 км) автожолындағы учаскелер жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, биыл қытайлық «CITIC Construction Co., LTD» компаниясы «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» республикалық тасжолының 60 шақырым бөлігін жөндеп, пайдалануға береді.
Сонымен қатар «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар тасжолындағы ұзындығы 181 шақырым болатын бес учаскенің төртеуі пайдалануға беріледі. Ал қалған 50 км (1090-1140 км) аумақты ұстауға қытайлық «Синьсин» ЖШС компаниясы жауапты.
Қолданысқа берілген учаскелерге қысқы жөндеу жұмыстарын «ҚАЖсервис» ЖШС жүргізеді.
Пікірлер