A+ A A-

talgatzhan 26 26-09-2024, 12:30 0

ШҚО-да ескірген техникаларды қолданыстан ала алмай жүрген әкімге ескерту жасалды

Бүгін / ШҚО

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ескіні есепке қоспағанның өзінде облыста егін жинауға жеткілікті жаңа техникалар бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова осы мәселе әкімдік отырыстарында да, әкімнің орынбасарлары қатысқан жиындарда да бірнеше рет көтерілгенін алға тартты. 
- Облыста күзгі егістік үшін тиісті техникалар саны жеткілікті. Бірақ мынадай сұрақ туындайды: сол техникалардың саны мен сапасы қандай? Біздегі ақпараттық бағдарламадағы тізімге көз жүгіртсек, биыл облыс көлемінде 1324 тракторды қолданыстан алуымыз керек болатын. Дегенмен аудан әкімдіктері нашар жұмыс істеп жатыр. Ескі техникаларды тізімнен шығару бойынша Риддер қаласын, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарын айта кетуге болады, - деді басқарма басшысы.
Жиынға қатысқан облыс әкімі Ермек Көшербаев Катонқарағай мен Риддер әкімдері жуықта тағайындалғанын, бірақ Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаевтан жұмысы неліктен сылбыр болып жатқанын сұрады.
- Бұл жұмыспен айналысып жатырмыз. Бірақ ескірген техникаларды есептен шығару үшін бұрынғыларының құжаттары іздестірілуде, - деді Дархан Шомпайұлы.
Ажар Қажыбекованың айтуынша, бұл жағынан Зайсан ауданының көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Өңір әкімі көрсеткіші төмен аудан басшыларына ескерту жасап, желтоқсан айының 15-не дейін мүлде басқа ақпарат күтетіндігін алға тартты. Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы осыны өз бақылауына алуы керек.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив