A+ A A-

talgatzhan 35 27-09-2024, 11:16 0

Өскеменде қаржы жымқырған балабақша есепшісіне қатысты үкім шықты

Бүгін / Өскемен / ЖАҢАЛЫҚТАР / Қылмыс

Өскемен қаласының №2 сотында қызметін асыра пайдаланып, алдау және сенімге қиянат келтіру жолымен бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену (алаяқтық) деген айып тағылған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемендегі №99 «Жемчужинка» балабақша-бөбекжайының есепшісі 2020 жылдың қараша айы мен 2023 жылдың қазан айына аралығында аса ірі көлемде қаржы жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы көлемі - 15 988 396 теңге.
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаса да, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған бес жыл мерзімге бухгалтерлікпен байланысты лауазымдарды атқару құқығы мен бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Алайда әйелдің кәмелетке жасқа толмаған екі баласы бар екені ескеріліп, жаза уақыты үш жылға шегерілді. 
Үкім заңды әлі күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив