ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция капитаны Жанболат Қажмұханов пен полиция лейтенанты Қуат Бөкенов шақырту бойынша қызмет бабымен жүрген еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сол уақытта олар көрші үйдің төртінші қабатындағы балконның жанып жатқанын естиді.
- Олар бірден оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге кіріседі. От төменгі қабатқа да тарала бастаған еді. Қызметкерлер төртінші қабаттағы жалынды сөндіріп үлгерді. Алайда үшінші қабаттағы пәтердің ішіне кіру мүмкін болмады. Тұрғындар үйде болмаған, ал есік құлыптаулы еді. Полиция капитаны Қажмұханов өмірін қатерге тіге отырып, балконнан төмен түсті. Ол әріптесінен су құйылған ыдыстарды алып, өртті толықтай сөндірді, - делінген ресми ақпаратта.
Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, өрт сөндірушілерді шақыру қажет болмады.
Пікірлер