A+ A A-

talgatzhan 33 27-09-2024, 13:54 0

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын бұзған тасымалдаушылар жазаланады

Бүгін / ШҚО / ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімдігі жиынында қаладағы автобустардың бірінің кондукторы арбадағы адамды қоғамдық көлікке мінгізбей қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинованың сөзінше, бүгінде 669 автобустың 75-де ғана пандус қойылған. Ал облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. 
⁃ Заң мен әлеуметтік кодекс бар. Егер азаматтардың құқығы бұзылса, ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл мәселені прокуратурамен талқылап, мұндай жағдайлардың болмауы үшін тиісті шешім әзірлеу керек, - деді жиын барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив