A+ A A-

talgatzhan 30 30-09-2024, 11:08 0

Өскеменде Ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен / ЖАҢАЛЫҚТАР

5 қазан күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Бұл күні өңір тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек. 

Айта кетейік, онкологиялық орталықтың емханасындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 2-корпус, артқы жақтағы есіктен кіруге болады. 

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив