Облыс әкімдігінің ақпаратынша, биыл 19 нысанды қолданысқа беру жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы бойынша жалғасып жатыр.
- Өткен жылы 17 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 19 нысанды аяқтау жоспарланған. Бірқатар ірі жобалар, мысалы: Өскеменде гематология орталығының, Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің, Ұлан ауданында емхананың құрылысы жалғасуда, - делінген ақпаратта.
Айта кетер жайт, Зайсан ауданының Қаратал ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарланды.
Фотосурет bolkazcr.kz сайтынан
Пікірлер