A+ A A-

105 1-10-2024, 14:08 0

Өскемен арқылы Қазақстаннан Моңғолияға баратын жол салынады

Бүгін / Өскемен / ЖАҢАЛЫҚТАР

Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елдер арасында жаңа тасжол салу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жаңа бағыт Өскемен, Риддер мен Моңғолия шекарасына шығатын Туэкта елдімекені (Ресей Федерациясы) арқылы өтеді. 
Тасжолдың Өскеменнен Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 189 шақырымды құрайтын қазақстандық учаскесі салынып бітті (мамандар жолдың 62 шақырымында күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді). Бағыттың басым бөлігі Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Егер ресейлік тарап келісім берсе, бағыт 837 шақырымға дейін оңтайландырылатын болады. Қазіргі таңда пайдалануға берілген Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта – Моңғолия шекарасы тасжолы 1604 шақырымды құрайды.
- Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартпақ. Сондай-ақ бұл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік қатынасын жақсартып, экономикалық және мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам болады, - деп атап өтті Көлік министрлігіндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив