A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 18:10 0

“Алтай – алтын бесігім”: халықаралық ақындар айтысы өз мәресіне жетті

Бүгін / Катонқарағай / Басты

Табиғаты тұмса, тарихы терең Катонқарағай төрінде өткен халықаралық ақындар айтысы мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден жиналған жыр сүлейлері жырмен жауһар теріп, көрерменнің рухын асқақтатты. Барлығы 12 ақын қатысқан бұл додада суырыпсалма өнердің саңлақтары сөз сайысының көрігін қыздырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтысқа елге танымал, айтыс өнерінің абыройын асқақтатып жүрген қазылар алқасы төрелік етіп, үздіктерді анықтады.
Нәтижесінде үшінші орынды Сыр бойынан келген Нұрмат Мансұров пен шығыстың жыр жүйрігі Серік Қуанған иеленсе, екінші орын Атыраудың абыройы Жансая Мусинаға бұйырды. Бірінші орынды Абай облысынан келген айтыскер Рүстем Қайыртай қанжығасына байлады. Бас жүлде көрерменнің де, қазылардың да ыстық ықыласына ие болған танымал ақын Дидар Қамиевке табысталды.
Айтысқа алғаш рет қатысқан кей ақындар Катонқарағайдың әсем табиғатынан шабыт алғандарын жасырмады.
- Өзім бұл өңірге тұңғыш рет табан тіредім. Айтыс осындай сұлу табиғат аясында өтеді дегенді ести сала, бірден атқа қондым. Ашық аспан астында сөз сайысына түсу оңай емес, дегенмен дәл осындай табиғат ерекше шабыт сыйлайды, — деді қатысушы ақындардың бірі.
Айта кетейік, бүгін кешке айтыс қорытындысын әсем әнмен көмкеретін эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Бұл шара ел есінде рухани мереке ретінде ұзақ сақталмақ.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив