Бұл поэзиялық сайыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ауқымды фестиваль аясында өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтыс сахнасына Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген танымал ақындар шықты. Қатысушылардың қатарында республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра», «Асыл домбыра» иегерлері мен мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болды.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Ақтық сынға үздік жұптар шығып, шешуші айтыс өтті. Айтыс аралығында көрермен «Назқоңыр», «Дарабоз» вокалдық топтарының, мәдениет пен өнер саласының көрнекті өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қорытынды сөз сөйлеп, бас жүлдені табыстады.
Шара түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, қазақтың айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген айтулы оқиға болды.
Пікірлер