Катонқарағай жерінде өтіп жатқан «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестиваль аясында әртістер өз өнерлерін паш етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Халық жүрегінен орын алған «Музарт» тобы, өнер сахнасында жаңа қарқынмен танылып келе жатқан «Абырой» тобы, орындаушылық шеберлігімен танымал Қобыланды Болат пен ән әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Әмре Катонқарағай жұртына әсем кеш сыйлады.
Табиғатпен үндескен тартымды шара көптің көңілінен шықты. Жиналған жұртшылық халықаралық деңгейде ұйымдастырылған думанға дән риза екенін жасырмады. Көпшілік үшін бұл күн – өнер мен бірліктің, рух пен үндестіктің жарқын көрінісіне айналды.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Фотосурет автордікі
Пікірлер