A+ A A-

talgatzhan 24 3-10-2024, 16:23 0

Өскеменде тозығы жеткен кәріз коллекторының салдарынан жер үйлердің аумағына су жайылуда

Бүгін / Өскемен / ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен қаласындағы Мирный кентінде тозығы жеткен кәріз коллекторының салдарынан жер үйлердің аумағына қайта-қайта су жайылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мирный кентінің халқы әбден тозығы жеткен №17 кәріз коллекторының жөнделгенін күтіп жүргеніне талай уақыт болды. ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін қысым коллекторында 17 рет апат болған.
Соның салдарынан Куратов және Машукова көшелеріндегі жеке тұрғын үйлердің аумағына кәріз суы жайылып тұрады. Кейде су жер астына сіңіп кетеді. 
«Осы жылдың мамыр және қыркүйек айларында кәріз коллекторында апат болып, Куратов көшесіндегі үйлердің аумағына су кірді. Қазіргі уақытта «№17 кәріз коллекторының учаскелерін қайта құру» жобасы әзірленген. Желілердің ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды. Конкурстық рәсімдер жүргізіліп, «Service СМУ» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Осы жылы ұзындығы 423 метр болатын апатты учаскелердің бірін жөндеу жоспарланып отыр. Жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын жоба 2025 жылы аяқталады», - деп хабарлады басқармадан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив