Дауыс беру бұл жақта да таң сәріден басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жер №60-ші сайлау учаскесі деп бекітілген. Таңғы сағат 07:00-де нәрестелер үнімен бірге науқан да басталды. Сайлау учаскесі өкілдерінің ақпаратынша, референдум кезінде 200 адам дауыс береді.
Алғашқы жарты сағат ішінде 50 шақты адам өз таңдауын жасады. Бұл жабық учаске. Мұнда сәбилі болғандар, кішкентайының өмірге келуін күтіп жүргендер бар. Ал нәресте күтіміне байланысты келе алмағандар палатасында дауыс бере алады. Оларға стационарлық жәшік апарып береміз. Мұндағылардың жасы бірдей. Себебі, барлығы репродуктивті саналатын 18-49 жас аралығында, - деді аталған учаске өкілдері.
Әсем есімді жас ананың сөзінше, референдум аясында дауыс беру әр адамның өмірлік ұстанымын аңғартады. Осы елдің азаматы болғандықтан ойын ашық жеткізу маңызды.
Сайлау учаскесі өкілдері нәзік жандылардың дауыс берудегі белсенділігін жоғары бағалады.
Пікірлер