ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың мәліметінше, жаңа әуежайларға шамамен 120-130 қызметкер алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуық арада әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге мамандандырылған кадрларды дайындау басталды. Ал әуежайлардың құрылысы келесі жылы аяқталады.
- Жұмыс қызу жүріп жатыр. Қос әуежайдың құрылысын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл ішкі туризмді дамытуға, шекаралас аймақтардағы кәсіпкерлікті өркендетуге айтарлықтай серпін береді.Туристер саны мен аймақтағы белсенділік артады деп ойлаймын. Осыған байланысты қонақүй инфрақұрылымы да дамиды, - деді ҚР Көлік вице-министрі.
Айта кетейік, қазір Өскеменнен бес бағытқа 56 таңғы рейс және үш бағытқа тоғыз халықаралық рейс іске қосылған.
Пікірлер