A+ A A-

talgatzhan 13 8-10-2024, 16:37 0

ШҚО-да 4 алаяқ өздерін риэлтер ретінде таныстырып, 60 млн теңге пайда көрген

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында 4 алаяқ өздерін риэлтер ретінде таныстырып, халықты 60 млн теңге шығынға батырған. Қазіргі уақытта олар ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алаяқтар тобын құрықтады. 
«Анықталғандай, олар өздерін риэлтор және нотариус ретінде таныстырып, ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерін өз аттарына аударып алған. Күдіктілердің пәтерлерін тінту барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіледі», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын мөлшері 60 млн теңгеден асады.   
«Полицияға төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив