A+ A A-

talgatzhan 39 10-10-2024, 11:36 0

ШҚО-да Кәсіподақтар күніне орай марапаттау рәсімі өтті

Бүгін / ШҚО

Өскеменде 10 қазан - Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі 

Салтанатты шараға кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері жиналды. Мерекелік концертпен басталып, қала өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Бүгінгі таңда Қазақстан кәсіподақтары жаңару кезеңіне аяқ басып отыр. 
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Ол кәсіподақ қозғалысының маңыздылығын айтып, өңірдің дамуына үлесін қосып жүрген белсенділерге өз алғысын білдірді. Бұдан бөлек, ол облыс әкімі Ермек Көшербаевтың атынан аймақтың дамуына және кәсіподақ қызметіне елеулі үлес қосқандарға  Алғыс хат пен төсбелгілер табыс етті.
- Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Кәсіподақтар күніне орай түрлі жиындар өтіп жатыр. Біз еңбек сіңірген қызметкерлерді марапаттауды ұйғардық. Жалпы кәсіподақ жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір. Мұндай жиын жылда өткізіліп тұрады, соның жалғасы ретінде биыл да қолға алып отырмыз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!, -  деді «ШҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Темірбек Қасымжанов.
Айта кетейік, салтанатты шарада кәсіподақ ұйымдарының 70-ке жуық өкілі марапатталды.
Аймақтық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мүшесі Риза Ибраева бұл ұйымға келгеніне 10 жыл болғанын жеткізді. 
- Жалпы білім салсында қызмет етіп жүргеніме 20 жылдан асты. Бүгін мен төсбелгімен және Алғыс хатпен марапатталдым. Осындай шараға шақырып, еңбегімізді бағалап құттықтап жатқандарына үлкен алғысымды білдіремін. Алған марапатым тек менің ғана емес, бірге істейтін ұжымдастарыма да жасалған құрмет деп білемін, - деді ол.
Еске сала кетейік, биыл өңірдегі кәсіподақ қозғалысына 104 жыл толып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив